ДЗСҰО Ғылыми-білім беру орталығында ЕАЭО талаптары аясында клиникалық зерттеулердің бастапқы фазасын жүргізу принциптері туралы семинар өтті

05.09.2022

ДЗСҰО Ғылыми-білім беру орталығында Алматы қаласындағы аумақтық филиалының фармакологиялық сынақтар зертханасының меңгерушісі б.ғ.к. Валентина Шнаукштаның «ЕАЭО талаптары аясында клиникалық зерттеулердің бастапқы фазасын жүргізу принциптері» тақырыбында оқыту семинары өтті.

Семинар барысында дәріскер клиникалық зерттеулерді ұйымдастырудың нормативтік-құқықтық мәселелеріне, оның ішінде ЕАЭО тәжірибесіне тоқталып, мәлімделген тақырыптың негізгі ұғымдарын ашты, зерттеулерді жоспарлау кезіндегі іс-қимылдардың реттілігін атап, препаратты әзірлеу кезеңінде зерттеулердің клиникалық фазасын жүргізудің әдіснамасы мен принциптері туралы толығырақ айтып берді.

«Әдептілік және ғылымилық принциптерін сақтау ғылыми әлемдегі және ЕАЭО талаптары аясындағы зерттеулерді мойындаудың кепілі болады», - деді Валентина Шнаукшта. Сондай–ақ нақты қойылған мақсат пен оны іске асырудағы дұрыс таңдалған дизайн -  жоспарланып отырған зерттеулердің үлкен жетістігі екенін дәріскер атап өтті.

Бұдан басқа, семинар барысында ЕАЭО дәрілік препараттарының клиникалық зерттеулер тізілімін қоса алғанда, ақпараттық жүйесі бар дәлелді медицина дерекқоры сияқты мәселелер қаралды, тәуекелдерді басқару жөніндегі іс-шараларды көрсете отырып, клиникалық зерттеулерді жоспарлау кезіндегі тәуекелдерге шолу жасалды: тәуекелдерді сәйкестендіру және бағалау, шешімдер қабылдау және тәуекелдер мониторингі және есепті дайындау үшін базалық құжаттар қаралды.

Зерттеу нәтижелерін бағалау кезінде спикер тиімділік пен қауіпсіздік критерийлерін сипаттаудың маңыздылығы бар клиникалық зерттеу хаттамасын қалыптастыруға баса назар аударды.

Семинар тыңдаушылары клиникалық зерттеуге қатысушыларды (еріктілер мен пациенттерді) іріктеу және зерттеу тестінің қуатын есептеу бойынша неғұрлым терең мәселелерді қарастыра отырып, клиникалық зерттеулер және биоэквиваленттілік тақырыбы бойынша оқыту семинарларын өткізуді жалғастыруға ниет білдірді.

Семинарға фармацевтикалық бизнестің өкілдері, соның ішінде дәрілік заттарды өндірушілер, дистрибьюторлар, Қазақстан Республикасында дәрілік заттар мен медициналық бұйымдардың айналысы саласында қосымша білім алуға мүдделі өтініш берушілер қатысты. Семинар соңында қатысушылар бейресми білім алу туралы куәлік алды.

Естеріңізге сала кетейік, Ғылыми-білім беру орталығы алдағы 5 жылға қосымша және бейресми білім беру (үздіксіз кәсіби даму) бағдарламаларын іске асыратын ұйым ретінде Еуразиялық орталықтың қосымша және бейресми білім беру ұйымдарын институционалдық аккредиттеу стандарттарына сәйкестігін растады.

Оқыту семинары туралы толық ақпарат алу үшін байланыс нөмірлері:

+7 (727) 273-11-45

+7 (702) 702-00-53, k.nussupova@dari.kz

+7 (708) 842-09-47, d.altybay@dari.kz