ДЗСҰО Қазақстан нарығының айналысына шығатын вакциналардың сапасы жөнінде тренинг өтті

16.11.2022

Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды сараптау ұлттық орталығының дәрілік заттар айналысы саласындағы сарапшылары қазақстандық нарық айналысына шығарылатын вакциналардың сапасын бағалау мәселелері бойынша оқыту тренингінен өтті.

Тренинг АҚШтың халықаралық даму агенттігі (USAID) PQM+ «Дәрілік заттардың сапасын ілгерілету» бағдарламасы аясында ұйымдастырылған. Оқыту тренингін PQM+ кеңесшісі Нора Делепьян өткізді.

Тренингке қатысушылар бір апта бойы Қазақстанда вакциналар сериясын шығаруға қатысатын барлық тараптардың құрылымы мен басқаруы бойынша өзекті ақпаратты, сондай-ақ елде серия шығару функциясын іске асыруды жеңілдететін басқа да тақырыптарды талқылады.,

Курс вакциналардың сапасын, қауіпсіздігін және тиімділігін қамтамасыз етуге баса назар аудара отырып, реттеудің негізгі аспектілерін қарастыруға негізделген. Сондай-ақ сарапшылар Қазақстан Республикасына импортталатын және өндірілетін вакциналардың сапасын бақылау үшін жиынтық хаттамаларға шолу жүргізу және тиісті чек парақтарын қалыптастыру бойынша практикалық дағдыларды игерді.

Сонымен қатар, ДДСҰ бенчмаркинг көрсеткіштерін өзін-өзі бағалау және қолданыстағы реттеуші жүйені жетілудің 3-деңгейіне ауыстыруға дайындық шеңберінде ДДСҰның алдағы жоспарланған жұмыс сапарына дайындық дәрежесін анықтау жұмысы жүргізілді. Бұл ретте нақты деректерге шолу жасалды: GBT индикаторларына сәйкес вакциналар партиясын шығаруды іске асыру үшін құжаттардың, нұсқаулықтардың болуы және одан әрі даму тұстары айқындалды.