ДЗСҰО жанындағы Ғылыми-білім беру орталығында дәрілік заттардың биоэквиваленттілігін зерттеу бойынша семинар өтті

05.10.2020

Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды сараптау ұлттық орталығының ғылыми-білім беру орталығында «Қазақстан Республикасы және ЕАЭО заңнамасы шеңберінде биоэквиваленттілік зерттеулерді жүргізуге қойылатын ережелер мен талаптар» тақырыбында оқыту семинары өтті.

Семинар жұмысына фармацевтикалық бизнес өкілдері: дәрілік заттарды өндірушілер, дистрибьютерлер, өтініш берушілер, сондай-ақ дәрілік заттардың биоэквиваленттілігін зерттеу мәселелерін зерделеуге мүдделі тұлғалар қатысты.

Семинарды фармакокинетикалық зерттеулер саласындағы маман, м.ғ.к., доцент, ДЗСҰО сынақ орталығының фармакологиялық сынақтар зертханасының меңгерушісі Валентина Шнаукшта өткізді.

Спикер биоэквиваленттілікті зерттеу түрлері және оларды жүргізу өлшемдері туралы айтып, осы зерттеулерді нормативтік реттеу мәселелеріне тоқталды. Зерттеу кезеңдері мен оларды жүргізу алгоритмдері, зерттеудің барлық кезеңдері аяқталғаннан кейін қорытынды мен ұсыныстарды қалыптастыру тәртібі толығырақ көрсетілді.

Валентина Шнаукшттың айтуынша, теориялық мәселелермен қатар талқыланатын тақырыптың практикалық жақтарын да қарастырған жөн. Жүргізілген зерттеулердің көлемі, референттік препаратты таңдау негіздемелері және зерттеу дизайны, қан үлгілерін алу режимін есептеу тәсілдері және зерттеуді стандарттау және т. б. бойынша мәселелерге ерекше назар аударылды.

«Әрине, мұндай семинарлар өте маңызды. Мұнда біз білікті мамандардан сұрақтарға жауап алу мүмкіндігіне иеміз. Әсіресе карантин кезінде бізде мұндай тікелей кездесулер болмады. Бұл өте пайдалы өзара іс - қимыл, біз өз білімімізді жетілдіріп, тиімді фидбэк аламыз», - деп атап өтті семинарға қатысушылардың бірі.

Семинар соңында барлық қатысушыларға сертификаттар табысталды.