ДЗСҰО жанындағы Ғылыми-білім беру орталығында өткен семинарда in vitro диагностикасына арналған медициналық бұйымдарды сараптау ерекшеліктері туралы айтылды

07.10.2020

ДЗСҰО жанындағы Ғылыми-білім беру орталығында «Тірі организмнен тыс зертханалық диагностика (in vitro). In vitro диагностикасы үшін медициналық бұйымдарды сараптау ерекшеліктері» тақырыбында оқыту семинары өтті.    Семинарға медициналық бұйымдарды өндірушілер, дистрибьюторлар, өтініш берушілер,  тірі организмнен тыс зертханалық диагностиканың негіздері және Қазақстан Республикасында in vitro диагностикасы үшін медициналық бұйымдарды сараптау процесінің ерекшеліктері туралы білімді арттыруға мүдделі тұлғалар қатысты.                                                                                                       Семинарды медицина ғылымдарының докторы, профессор, ДЗСҰО-ның сарапшысы Жаннат Сатыбалдиева өткізді. Семинар барысында спикер тірі организмнен тыс зертханалық диагностиканың негізгі мақсаттары мен әдістері туралы баяндады, инфекциялық ауруларды зертханалық диагностикалаудың әдіснамасы, иммунологиялық (серологиялық), генетикалық диагностиканың әдістері туралы, in vitro диагностикасына арналған медициналық бұйымдарды сараптаудың құқықтық негіздері мен ерекшеліктері туралы толығырақ айтып берді.                                                                                                                                                                             In vitro диагностикасына арналған медициналық бұйым адамның физиологиялық немесе патологиялық жай-күй, ұрықтың құрсақішілік даму ауытқулары туралы деректер алу үшін, емдеу тиімділігін мониторингтеу үшін, тіндердің үйлесімділігін анықтау үшін және т. б. адамның биологиялық материалының үлгілерін пациентпен байланыссыз зерттеуге арналған кез келген медициналық бұйым болып табылатынын еске саламыз.                        «Зертханалық зерттеулердің нәтижелері ағзаның жағдайын болжау, аурудың ағымын, дамуын немесе ремиссиясын бақылау үшін қолданылады. Әрине, сондықтан in vitro диагностикасы үшін медициналық бұйымдарды сараптау кезінде медициналық бұйымның қауіпсіздігі мен сапасы бірінші кезекте тексеріледі. Өйткені, бұл зертханалық зерттеулердің сенімді нәтижелерін алу үшін маңызды. Сараптама барысында біздің мамандар қажет болған жағдайда өндірушінің кәсіпорнына барып, өндіріс қауіпсіздігін бағалауды және сараптамалық сараптаманы қатар жүргізеді», - деді Жаннат Сатыбалдиева. Семинар барысында қатысушылар сарапшыға өз сұрақтарын қойып, талқыланған тақырыпқа қатысты өз пікірлерімен бөлісуге мүмкіндік алды. Семинар соңында барлық қатысушыларға сертификаттар табысталды.