ДЗҰСО-да Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күнін мерекелеу қарсаңында Құрмет грамоталары мен Алғыс хаттары табысталды

18.12.2019

     ДЗҰСО Бас директоры Арнұр Нұртаев әріптестерімізді басты мемлекеттік мерекемен құттықтай келіп, Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің әрбір қазақстандықтың өмірінен алатын орнын атап өтті. 

     - Ұжымымызды келе жатқан мерекемен құттықтаймын, әрбір отбасына, әрбір қызметкерге зор денсаулық, қаржылық тәуелсіздік және бақ-береке тілеймін. Тәуелсіздікке қол жеткізуіміздің арқасында бүгінгі таңда Қазақстан экономиканы табысты дамытуды, әлеуметтік саланы нығайтуды және демократиялық жаңаруларды жалғастыруда, - деп атап өтті А. Нұртаев.

     Өз құттықтауында ДЗҰСО басшысы әріптестер назарын елімізде бүгінгі таңдағы басты мақсаттардың бірегейі денсаулық сақтауды дамыту болып табылатынына, оның шешуші міндеттерінің бірі – қазақстандықтарды тек сапалы және тиімді дәрілік заттармен және медициналық бұйымдармен қамтамасыз етуді ДЗҰСО жүзеге асырып отырғанына аударды.

     Бас директордың орынбасарлары Мәншүк Рахымжанова мен Ержан Жүнісов, сонымен қатар сала ардагері Арыстан Нығматуллин де жиналғандарға ізгі тілектерін жолдады. 

     Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күні құрметіне Бас директор ДЗҰСО қызметкерлеріне «Денсаулық сақтау ісінің үздігі» кеуде белгілерін, Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің және Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің қауіпсіздігі мен сапасын бақылау комитетінің Құрмет грамоталары мен Алғыс хаттарын табыстады.

Баспасөз қызметі