ЕАЭО ережелері бойынша медициналық бұйымдарды тіркеу 2026 жылы басталады

27.03.2024

Мемлекет басшысы «2014 жылғы 23 желтоқсандағы Еуразиялық экономикалық одақ шеңберінде медициналық бұйымдар (медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техника) айналысының бірыңғай қағидаттары мен қағидалары туралы келісімге өзгеріс енгізу туралы хаттаманы ратификациялау туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды.

Заңға сәйкес ЕАЭО-ға мүше мемлекеттің ұлттық заңнамасына сәйкес медициналық бұйымға сараптама жүргізуге немесе тіркеуге өтініш беру мерзімі 2025 жылғы 31 желтоқсанға дейін ұзартылды.