ЕАЭО стратегиялық маңызды дәрі-дәрмектер және фармсубстанциялармен қамтамасыз ету деңгейін арттыру бойынша жоспарды бекітті

23.11.2021

Ереванда өткен Еуразиялық үкіметаралық кеңес отырысында ЕАЭО елдерінің медициналық қолдануға арналған стратегиялық маңызды дәрілік препараттармен және фармацевтикалық субстанциялармен қамтамасыз етілу деңгейін арттыру жөніндегі 2024 жылға дейінгі іс-шаралар жоспары бекітілді, олардың өндірісі одақта қамтамасыз етілуге тиіс.

Құжат Еуразиялық «бестік» мемлекет басшыларының тапсырмасы бойынша Одақ елдерінің дәрілік нарығын COVID-19 коронавирус инфекциясының пандемиясы кезінде ғана емес, сондай-ақ келешекте тұрақты дамыту үшін әзірленді. Жоспардың іс - шараларын іске асыру ЕАЭО елдерінде неғұрлым маңызды дәрілік препараттарды, вакциналарды және фармацевтикалық субстанцияларды өндірудің толық циклын құруға, сондай-ақ дамудың инновациялық векторын күшейтуге ықпал ететін болады. Біздің бастамамызды сыртқы нарықтың турбуленттілігіне қарамастан осындай жоғары деңгейде қолдау, Одақ ішіндегі кооперациялық ынтымақтастықты тұрақты дамыту мен кеңейтудің арқасында ЕАЭО фармацевтика саласының жаңа деңгейге көтерілуіне мүмкіндік береді. Комиссия елдермен бірлесіп, өндіруді бірінші кезекте одақта қамтамасыз ету қажет дәрілер мен субстанциялардың тізбесін қалыптастырады» - деді ЕЭК өнеркәсіп және агроөнеркәсіптік кешен жөніндегі алқа мүшесі (министр) Артак Камалян..

Артак Камалянның айтуынша, жоспар бірқатар іс-шараларды жүзеге асыруды көздейді. Бұл - «Фармацевтика» бағыты бойынша Еуразиялық технологиялық платформаны қалыптастыру, одақтың нормативтік-құқықтық базасын жетілдіру бойынша ұсыныстар дайындау, тарифтік және тарифтік емес реттеу шараларын қолдану, дәрілік заттар мен фармацевтикалық субстанцияларды әзірлеудің, өндірудің және дистрибуциялаудың жекелеген кезеңдерін субсидиялау, кооперациялық жобаларды қаржыландыру мәселелерін пысықтау. Жоспарды іске асыру вакциналар өндірісін, оның ішінде коронавирусқа қарсы өндірісті одан әрі дамытуға ықпал етеді. Фарминдустрияны дамыту бойынша құжатты дайындауға Беларусь, Армения, Қазақстан, Қырғызстан және Ресейдің салалық сарапшылары мен ғылыми ұйымдары, сондай-ақ фармацевтикалық бизнес өкілдері қатысты.

Дереккөз: https://eec.eaeunion.org/news/evraziyskiy-mezhpravsovet-utverdil-plan-po-povysheniyu-urovnya-obespechennosti-stran-soyuza-strategicheski-vazhnymi-lekarstvami-i-farmsubstanciyami-/