Елімізде медициналық масканың құны төмендетілді

19.10.2020

Қазақстанда бір реттік үш қабатты медициналық маска үшін шекті бөлшек сауда бағасы төмендеді. Медициналық бұйымның құны 60 теңгені құрайды.

Бұған дейін Мемлекет басшысы коронавирустық пандемияның екінші толқынына дайындық жөніндегі кеңесте қорғаныс маскаларына бағаның айтарлықтай төмендеуін қамтамасыз етуді тапсырған болатын.

Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес Денсаулық сақтау, Сауда және интеграция министрліктері мен Ұлттық экономика министрлігі Ведомствоаралық комиссия отырысының хаттамасына сәйкес «Медициналық маскаларға шекті бағаны бекіту туралы» бірлескен бұйрыққа өзгерістер енгізді.

Бекітілген құжатқа сәйкес, бір реттік үш қабатты медициналық маскалар үшін бөлшек сауда бағасы 60 теңге мөлшерінде белгіленді.

Құжатпен келесі сілтеме бойынша танысуға болады: https://online.zakon.kz/Document/?doc_id=35098278#pos=7;-57.