Елордада бірқатар жаңа денсаулық сақтау нысандарын ашу жоспарлануда

15.01.2013

Астана қалалық Денсаулық сақтау басқармасының мәліметі бойынша елордада  денсаулық сақтаудың бірқатар жаңа нысандарын ашу жоспарлануда.  Олар - сол жағалаудағы  500 адам қабылдайтын амбулаториялық-емхана кешені,  250 төсектік балалардың жұқпалы аурулар ауруханасы, 150 адамдық емханасы бар 250 төсектік медициналық-әлеуметтік оңалту орталығы, ауысымына 350 адам қабылдайтын ересектер емханасы, сондай-ақ, ауысымына 150 бала қабылдайтын емхана. Бұл туралы Аstana.kz сайтынан хабарланды.

«Денсаулық сақтау мен ұлт денсаулығы біздің келешегіміздің негізі болып табылады. Мұны өзінің Қазақстан халқына арнаған биылғы «Қазақстан -  2050» Стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің саяси бағыты Жолдауында Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев атап көрсеткен болатын.  Еске салайық, Астанада соңғы 2012 жылдың 1 желтоқсанында ашылған медицина нысаны - ауысымына 500 адам қабылдайтын жаңа  амбулаториялық-емхана  кешені болып табылады», - делінген хабарламада.

Aқпарат inform.kz сайттынан алынды