Ғылыми-білім беру орталығының 2023 жылға арналған оқыту семинарларын өткізудің тақырыптық жоспары

06.01.2023

Ғылыми-білім беру орталығы 2023 жылға арналған оқыту семинарларын өткізудің тақырыптық жоспарын әзірледі. Жоспар Орталықтың www.ndda.kz   ресми сайтында орналасқан.

Естеріңізге сала кетейік, Ғылыми-білім беру орталығы өз жұмысын 2020 жылдың қараша айында бастаған. Орталықты медицина ғылымдарының докторы, профессор, ҚР ҰҒА академигі, клиникалық фармакологтар мен фармацевтердің кәсіби қауымдастығының президенті, Еуропалық клиникалық фармакологтар мен терапевтер қауымдастығының мүшесі Раиса Күзденбаева басқарады.

Орталық өз жұмысын бастағаннан бері фармакологиялық қадағалау, клиникалық сынақтар, дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды сараптау, зертханалық диагностика, ЕАЭО-дағы дәрілік заттар мен медициналық бұйымдар нарығының құқықтық мәселелері, баға белгілеу, ЕАЭО фармакопеясы және басқа да тақырыптарда 65-тен астам оқыту семинарын өткізді.

Оқыту семинарларынан 1400 жуық тыңдаушы өтті, олардың ішінде фармацевтика саласының өкілдері, медициналық бұйымдарды өндірушілер, медициналық мекемелердің қызметкерлері, медициналық бұйымдарды тіркеуге және сараптауға мүдделі өтініш берушілер.

Айта кетейік, Дәрілік заттарды сараптау ұлттық орталығы Еуразиялық аккредиттеу орталығының 5 жылдық институционалдық аккредиттеуінен өтті және дәрілік заттар мен медициналық бұйымдардың айналымы мәселелері бойынша оқыту семинарларын өткізу мүмкіндігіне ие.

 

Алдағы семинарлар туралы толық ақпаратты төмендегі телефон нөмірлеріне арқылы алуға болады:

+7 (708) 842-09-47, d.altybay@dari.kz

+7 (702) 702-00-53, k.nussupova@dari.kz