Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанның тұңғыш әйел-фармакологы Раиса Күзденбаеваны Халықаралық әйелдер күнімен құттықтады

09.03.2021

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Халықаралық әйелдер күнімен құттықтауын ДЗСҰО Ғылыми-білім беру орталығының басшысы Раиса Күзденбаева алды.

Қ.Тоқаев құттықтау хатында Қазақстанның тұңғыш әйел-фармакологқа денсаулық, мол табыс, бақыт пен құт-береке тіледі.

Раиса Күзденбаева - медицина ғылымдарының докторы, профессор, Қазақстан Республикасы Ұлттық Ғылым академиясының академигі, Клиникалық фармакологтар мен фармацевтердің кәсіби қауымдастығының президенті, ҚР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты, Еуропалық клиникалық фармакологтар мен терапевттер қауымдастығының мүшесі, Ақтөбе қаласының Құрметті азаматы.

Ол Ақтөбе қаласында көп балалы қызметкерлер отбасында дүниеге келген. 1965 жылы Ақтөбе мемлекеттік медицина институтының емдеу факультетін бітірген. Мәскеу мемлекеттік медицина институтының 2-ші фармакология аспирантурасында дипломнан кейінгі жоғары білім алып, туған қаласына оралып, алдымен доцент, содан кейін Ақтөбе мемлекеттік медицина институтының фармакология кафедрасының меңгерушісі болып жұмыс істеді. Осы уақыт ішінде Раиса Салмаганбетқызы 41 медицина және фармацевтика ғылымдарының кандидаты мен 6 докторын дайындады, сондай-ақ Қазақстанда алғаш рет фармакологияны мемлекеттік тілде оқытуды бастады және «клиникалық фармакология» жаңа пәнін енгізді.

Профессор Күзденбаева ДЗСҰОда 2005 жылдан бастап жұмыс істейді, ол Орталық басшылығының шақыруымен Алматыға көшіп келіп, фармакологиялық комитетті басқарды.

Раиса Күзденбаева - 30 өнертабыстың, бірнеше монографияның, 500-ден астам ғылыми жұмыстың авторы.

Қазіргі уақытта Раиса Салмаганбетовна ДЗСҰО Ғылыми-білім беру орталығын басқарады және клиникалық фармакологияның өзекті мәселелері бойынша үнемі дәрістер оқиды, жыл сайын Қазақстанның 20 қаласында фармакологиялық қадағалау, дәрілік заттарды ұтымды пайдалану бойынша семинарлар өткізеді.