Қазақстан мен Беларусь Республикасы дәрілік заттар мен медициналық бұйымдардың сапасын бақылау саласындағы ынтымақтастық туралы меморандумды жаңартты

27.02.2024

Бүгін «Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды сараптау ұлттық орталығына» (ДЗ мен МБ СҰО) жұмыс сапарымен Беларусь Республикасының «Ден­са­улық сақ­та­уда­ғы са­рап­тау және сы­нақ ор­та­лы­ғының» («ДСССО» РБК) делегациясы келді.

Делегацияны «ДСССО» РБК директоры Дмитрий Гринько басқарды, сондай – ақ делегация құрамында ұйымдастыру қызметі басқармасының бастығы Ольга Гринько және дәрілік заттар басқармасының дәрілік препараттардың бағаларын тіркеу секторының меңгерушісі Нелли Кандора болды.

Қазақстандық тараптан шараға ДЗ мен МБ СҰО бас директоры Еркен Даутбаев және бас директордың медициналық бұйымдар жөніндегі орынбасары Дмитрий Войнован қатысты.

Кездесу екі ел арасындағы медициналық препараттар мен бұйымдардың сапасы мен қауіпсіздігін қамтамасыз ету саласындағы ынтымақтастықты одан әрі талқылау алаңына айналды. Негізгі тақырыптардың бірі Еуразиялық экономикалық одақ шеңберіндегі бірлескен жұмыс аспектілері, нормативтік базаны үйлестіру және жетілдіру, процестерді цифрландыру мәселелері болды. Тараптар Қазақстан мен Беларусь арасында ақпарат, тәжірибе және білім алмасуды жалғастыруға дайын екендіктерін білдірді.

Сапар қорытындысы бойынша дәрілік заттар мен медициналық бұйымдардың сапасын сараптау және бақылау саласындағы ұзақ мерзімді ынтымақтастық туралы меморандум жаңартылды. Бұл құжатқа алғаш рет 2019 жылы қол қойылды.