2022 жылғы 10 қаңтар – Қазақстан Республикасындағы Жалпыұлттық аза тұту күні

10.01.2022
10 қаңтар - Жалпыұлттық аза тұту күні. Еліміздің бірнеше аймағында болған қайғылы оқиға салдарынан қаза тапқандар саны көп болуына байланысты Президент Қасым-Жомарт Тоқаев 10 қаңтарды Жалпыұлттық аза тұту күні деп жариялауға шешім қабылдады.
Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды сараптау ұлттық орталығы орны толмас қайғыға ортақтасып, еліміздің бірқатар өңірлерінде болған қайғылы оқиғалар салдарынан қаза тапқан азаматтардың отбасылары мен жақындарына көңіл айтады.