Қазақстанда ревакцинацияны бастау туралы Қаулыға қол қойылды

16.11.2021

Қазақстанда халыққа COVID-19 коронавирус инфекциясына қарсы ревакцинациялау жүргізу туралы Қаулыға бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің қызметін орындаушы Айжан Есмағамбетова қол қойды.

Құжатта коронавирус инфекциясына қарсы ревакцинациялауға жататын халықтың контингенттері (тәуекел топтары) анықталды:

- медицина қызметкерлері;

- педагогтар;

- күш құрылымдарының қызметкерлері;

- медициналық-әлеуметтік мекемелердің персоналы мен контингенті;

- 60 жастан асқан адамдар;

- Коронавирус инфекциясына қарсы вакцинациялаудың аяқталған курсынан кейін СOVID-19 қарсы антиденелер анықталмаған иммунитеті әлсіреген адамдар (иммуносупрессивті терапиядағы адамдар (лейкемияны, лимфоманы және миеломаны қоса алғанда, қатты ісікті немесе гематологиялық қатерлі ісікті белсенді иммуносупрессивті емдеу немесе осындай емдеу тоқтатылғаннан кейін 12 ай ішінде), гемодиализдегі адамдар, трансплантат реципиенттері, АИТВ жұқтырған ауыр бастапқы иммун тапшылығы);

- өз бетінше тексерілген (СOVID-19 қарсы алғашқы вакцинацияның курсы аяқталғаннан кейін кемінде 28 күннен ерте емес) өткен және СOVID-19 қарсы антиденелерге зерттеудің теріс нәтижесі бар адамдар.

Коронавирус инфекциясына қарсы ревакцинациялау СOVID-19 қарсы вакцинациялаудың алғашқы курсында қолданылмаған вакцина типтрімен (белсенділігі жойылған вакцина, векторлық вакцина, м-РНҚ-вакцина) жүргізіледі.

СOVID-19 қарсы ревакцинациялау мынадай аралықтарды сақтай отырып жүргізіледі:

- векторлық вакциналарды енгізгеннен кейін – 9 айдан кейін;

- белсенділігі жойылған вакциналарды және м-РНҚ-вакциналарды енгізгеннен кейін – 6 айдан кейін.

Құжаттың толық мәтінімен сілтемеден танысуға болады: https://online.zakon.kz/Document/?doc_id=37249863&pos=7;-60#pos=7;-60