Халықаралық әйелдер күнімен құттықтаймыз!

08.03.2021

Қымбатты ханымдар!

Сіздерді көктемнің шуақты мерекесі - Халықаралық әйелдер күнімен шын жүректен құттықтаймыз!
Әйел - әрқашан халықтың ар-ожданы, мейірімділік пен нәзіктіктің белгісі.
«Әйел бір қолымен бесікті тербетсе, екінші қолымен әлемді тербетеді» деген аталы сөз бар.

Тәуелсіз еліміздің ұл-қыздарын тәрбиелеп, азаматтарға сенімді тірек болып, қоғам ісіне білек сыбана кірісіп, қиын-қыстау кезде демеу болып жүргендеріңіз үшін Сіздерге мың алғыс айтамыз.

Дендеріңізге саулық, отбасыларыңызға амандық тілейміз. Көңілдеріңіз көктемдей көрікті болсын, әрқашан шаттық пен қуанышқа бөленіп жүре беріңіздер!