ҚР Бас санитарлық дәрігерінің жаңа қаулысы күшіне енді

09.03.2021

Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитарлық дәрігерінің қаулысына сәйкес әлеуметтік-экономикалық объектілердің жұмысын шектеу критерийлері бекітілді.

Қаулыға сәйкес ұйымдар мен кеңселерде келесі критерийлер бойынша қашықтан жұмыс режимі сақталады:
Қызыл аймақ:
    80% - қашықтағы режим;
    20 % - күндізгі режим.
Сары аймақ:
    50% - қашықтағы режим;
    50% - күндізгі режим. 
Жасыл аймақ:
    30% - қашықтағы режим;
    70% - күндізгі режим.

Шектеу шараларын қатаңдату эпидемиологиялық жағдай асқынған жағдайда 5 күн ішінде («жасыл» аймақтан «сарыға» немесе «қызыл» аймақтан «сарыға» көшу) жүргізілетінін атап өткен жөн. Карантиндік шараларды жеңілдету «қызыл» аймақтан «сары» аймаққа немесе «сары» аймақтан «жасыл» аймаққа өткеннен кейін 7 күннен ерте жүргізілмейді.

Жаңа қаулыға сәйкес медициналық ұйымдардың, дәріханалардың, мұражайлардың, кітапханалардың, азық-түлік дүкендерінің, шағын маркеттердің, гүл дүкендерінің, фотосалондардың, балалардың түзету кабинеттерінің, балалар мен ересектердің білім беру орталықтарына елді мекендер «қызыл» және «сары» аймақтарға өткенде 15 адамнан аспайтын топ толтырылған кезде жұмыс істеу рұқсат етіледі, «қызыл» аймақтағы супермаркеттер, гипермаркеттер, қоғамдық тамақтандыру объектілерінің жұмыс істеу уақытына шектеу қойылады, медициналық орталықтар, стоматология кабинеттері эпидемиологиялық жағдайға қарамастан алдын ала жазылу бойынша жұмыс істейді, спорт кешендері, спорттық-сауықтыру орталықтары және фитнес-орталықтар, ойын-сауда орталықтары, сауда үйлері мен желілері елді мекен «қызыл» аймақта орналасқан кезде сенбі және жексенбі күндері жұмыс істемейді.

Санитариялық-эпидемиологиялық аймаққа (қызыл, сары және жасыл аймақ) қарамастан, ойын-сауық, бұқаралық іс-шараларды, көрмелерді, конференцияларды, форумдарды, отбасылық және естелік іс-шараларды өткізуге тыйым салынады.

Құжаттың толық мәтінімен сілтеме бойынша толық танысуға болады:
https://beta.egov.kz/memleket/entities/kkkbtu/press/news/details/169879?lang=kk