Медициналық бұйымдарға бағаны қалыптастыру мәселелеріне арналған оқыту семинары туралы

26.09.2022

Медициналық бұйымдарға бағаны қалыптастыру мәселелеріне арналған оқыту семинары туралы        

 

ҚР ДСМ МФБК «Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды сараптау ұлттық орталығы» ШЖҚ РМК Ғылыми-білім беру орталығында 2022 жылғы 7-ші қазанда ДЗСҰО Бас директорының орынбасары Ержан Жүнісов «Медициналық бұйымдарға бағаны қалыптастыру мәселелері» тақырыбындағы оқыту семинарын өткізеді.

Семинарда келесі сұрақтар талқыланады:

  1. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 11 желтоқандағы № ҚР ДСМ-247/2020 «Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде және (немесе) міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде дәрілік заттардың, сондай-ақ медициналық бұйымдардың бағалары мен үстеме бағаларын реттеу,  қалыптастыру ережелерін бекіту туралы» бұйрығының жаңа редакциясын қарастыру;
  2. Медициналық бұйымдарға бағаны қалыптастыру процедурасы;
  3. Сұрақ-жауап.

Семинар аяқталғаннан кейін Бейресми білім алу туралы куәлік беріледі.

Өтетін орны: Алматы қ., Абылай хан даңғылы, 63, 3 қабат, үлкен конференц-зал

1 тыңдаушының 1 семинарға қатысу құны: 19 999, 84 теңге (ҚҚС есебімен)

Мәлімет үшін !

Оқуға тіркелу үшін төмендегі шарттарды орындау қажет:

  • Оқуға өтінішті толтыру және жіберу (өтініш нысаны хатқа қоса берілген)

Өтініш әрбір тыңдаушыға *pdf (қолы қойылған) және *word форматында жеке ресімделеді, ары қарай тіркеу үшін d.altybay@dari.kz электрондық мекенжайына жіберіледі.

  • ҚР ДСМ МФБК «Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды сараптау ұлттық орталығы» ШЖҚ РМК - мен (бұдан әрі - ДЗСҰО) дәрілік заттар мен медициналық бұйымдардың айналысы бойынша оқыту іс-шараларын жүргізуге шарт жасасу.

Шарт жасау үшін шарт жобасын заң кеңесшісінің (жоба хатқа қоса берілген) a.buzurkhodzhaeva@dari.kz электрондық мекенжайына жіберу қажет. Шарттың жобасы келісілгеннен кейін өтініш беруші тарапынан қол қойылған шартты (екі данада) Алматы қаласы, Абылай хан даңғылы, 63, 102 каб. мекен-жайына қолма-қол жеткізу қажет.  ДЗСҰО тарапынан қол қойылған нұсқаны да осы мекенжай бойынша алуға болады.

Бұл кезеңде шартқа қол қою және тіркеу жүзеге асырылады.

Шарттың «Төлемге өтінім» қосымшасын толтыру міндетті! Толтырылған құжаттыd.altybay@dari.kz  поштасына  *pdf (қолы бар) және *word форматында жіберу қажет.

Өтініш берушіден құжаттарды алғаннан кейін төлемге есепшоттың сканерленген нұсқасы жіберіледі

  • Көрсетілетін қызмет үшін шотты төлеп, оқыту семинары басталғанға дейін төлемді растайтын құжатты жолдау.

Оқыту туралы толық ақпарат алу үшін байланыс нөмірлері:

+7 (727) 273-11-45,

+7 (702) 702-00-53, k.nussupova@dari.kz

+7 (708) 842-09-47, d.altybay@dari.kz