Оқыту семинарларын өткізу туралы

02.06.2022

ҚР ДСМ М және ФБК «Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды сараптау ұлттық орталығы» ШЖҚ РМК Ғылыми-білім беру орталығы сіздерді м.ғ.к., Фармакологиялық қадағалау және медициналық бұйымдардың қауіпсіздігін, тиімділігі мен сапасын мониторингілеу департаментінің басшысы, фармацевтикалық инспекцияларды жүргізу мәселелері жөніндегі жұмыс тобының мүшесі М.Ж. Абдрахмановтың Еуразиялық экономикалық одақ шеңберінде дәрілік заттар айналымы саласында тиісті фармацевтикалық практикалар қағидаларына сәйкестігі бойынша оқыту семинарларына қатысуға шақырады. 

Семинар тақырыбының атауы

Өткізу күні

Білім беру бағдарламаларының паспорттары

1

Фармакологиялық қадағалау саласындағы реттеу

23 маусым

https://www.ndda.kz/upload/dari.kz/NOC/Pasports/pas_0001.jpg

2

Хабарламалармен жұмыс, себеп-салдар байланысын бағалау. MedDRA

24 маусым

https://www.ndda.kz/upload/dari.kz/NOC/Pasports/pas_0004.jpg

Семинарларда төмендегі сұрақтар қамтылады:

1. Нормативтік – құқықтық базаға шолу

2. ҚР фармакологиялық қадағалауды реттейтін тәсілдер

3. Фармакологиялық қадағалау жүйесін қолдану

4. Тарих. Форматтар арасындағы өзара байланыс

5. MedDRA қолдану саласы

6. MedDRA құрылымы мен көлемі. MedDRA қолдану процесі кезінде.

 

Семинарға фармацевтикалық бизнес өкілдерін: дәрілік заттарды өндірушілер, өндірушінің уәкілетті өкілдері, Қазақстан Республикасындағы фармакологиялық қадағалау процесін зерделеуге мүдделі өтініш берушілер шақырылады.

Семинар аяқталғаннан кейін Бейресми білім алу туралы куәлік беріледі.

Өтетін орны: Алматы қ., Абылай хан даңғылы, 63, 3 қабат, үлкен конференц-зал

 

Мәлімет үшін !

Оқуға тіркелу үшін төмендегілер қажет:

  • Оқуға өтінімді толтыру және жіберу (өтінім нысаны хатқа қоса берілген)

Өтінім әрбір тыңдаушыға жеке рәсімделеді: *pdf (қолы қойылған) және *word форматында, әрі қарай тіркеу үшін k.nussupova@dari.kz электрондық мекенжайға жіберіледі.

  • ҚР ДСМ М және ФБК «Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды сараптау ұлттық орталығы» ШЖҚ РМК (бұдан әрі - ДЗСҰО) дәрілік заттар мен медициналық бұйымдардың айналысы бойынша оқыту іс-шараларын жүргізуге шарт жасасу. 

Шарт жобасын жасау үшін заң кеңесшісіне (жоба хатқа қоса берілген) a.buzurkhodzhaeva@dari.kz және d.altybay@dari.kz электрондық мекенжайға жіберу қажет. Шарттың жобасы келісілгеннен кейін өтініш беруші тарапынан қол қойылған шартты (екі данада) Алматы қаласы, Абылай хан даңғылы, 63, 102-кабинетке қолма-қол алып келу қажет.

«Төлемге өтінім» шартына қосымшаны толтыру міндетті!

Бұл кезеңде шартқа қол қою және тіркеу жүзеге асырылады.

ДЗСҰО тарапынан қол қойылған нұсқаны да осы мекенжай бойынша алуға болады.

Өтініш берушіден құжаттарды алғаннан кейін төлемге есепшоттың сканерленген нұсқасы жіберіледі (1 тыңдаушының 1 семинарға қатысу құны: 19 999, 84 теңге (ҚҚС есебімен).

  • Қызмет үшін шотты төлеп, семинарға қатыспас бұрын төлемді растайтын құжатты жолдау.

Оқыту туралы толық ақпарат алу үшін:

+7 (727) 273-11-45

+7 (702) 702-00-53, k.nussupova@dari.kz

+7 (708) 842-09-47, d.altybay@dari.kz