Оқыту семинарларын өткізу туралы

28.03.2024

ҚР ДСМ МФ БК «Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды сараптау ұлттық орталығы» ШЖҚ РМК Ғылыми-білім беру орталығы 2024 жылғы 10-12 сәуірде «Мемлекеттік тіркеу, қайта тіркеу және тіркеу деректеріне өзгерістер енгізу кезінде дәрілік заттардың сапасы жөніндегі нормативтік құжаттардағы әдістемелерде жиі кездесетін қателіктер» тақырыбына өтетін,  Зертханалары бар сынақ орталығының Физика-химия зертханасының меңгерушісі Асель Жансеркенованың оқыту семинарлары цикліне қатысуға шақырады.

10.04.2024 - "Сапа жөніндегі нормативтік құжаттарда сынақ әдістемелерін келтірудің толықтығының маңыздылығы"

Семинарда келесі сұрақтар талқыланады:

  1. НҚ-дағы Әдістеменің түпнұсқасын дәл, толық және егжей-тегжейлі сипаттаудың / тілден аударудың маңыздылығы;
  2. "Сипаттама", "сәйкестендіру", "рН", "Осмолярлық" "хром", "мөлдірлік", "байланысты қоспалар" және т. б. көрсеткіштері бойынша НҚ-да жиі кездесетін қателіктер;
  3. Мысалдарды талдау.

 

11.04.2024 - "Сынақ нәтижелерін есептеу формулалары"

Семинарда келесі сұрақтар талқыланады:

  1. Есептеу формулаларында жиі кездесетін қателіктер;
  2. Есептеу формулаларын жасау кезінде назар аудару керек мәліметтер;
  3. Мысалдарды талдау.

12.04.2024 - "Сапа жөніндегі нормативтік құжаттарда сұйық хроматография әдісімен сынау әдістемелерін келтірудің ерекшеліктері"

Семинарда келесі сұрақтар талқыланады:

  1. НҚ-да ЖТСҚ әдісімен сынақ әдістерінде жиі кездесетін қателер;
  2. Сапа жөніндегі нормативтік құжаттарда әдістемелерді жүргізу / түпнұсқа тілінен аудару кезінде назар аудару қажет бөлшектер;
  3. Мысалдарды талдау.

Мәлімет үшін !

Семинар аяқталғаннан кейін Бейресми білім алу туралы куәлік беріледі.

1 тыңдаушының 1 семинарға қатысу құны: 24 000, 48 теңге (ҚҚС есебімен)

Оқуға тіркелу үшін төмендегі шарттарды орындау қажет:

  • Оқуға өтінішті толтыру және жіберу (өтініш нысаны хатқа қоса берілген)

Өтініш әрбір тыңдаушыға *pdf (қолы қойылған) және *word форматында жеке ресімделеді, ары қарай тіркеу үшін d.altybay@dari.kz электрондық мекенжайына жіберіледі.

  • ҚР ДСМ МФБК «Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды сараптау ұлттық орталығы» ШЖҚ РМК - мен (бұдан әрі - ДЗСҰО) дәрілік заттар мен медициналық бұйымдардың айналысы бойынша оқыту іс-шараларын жүргізуге шарт жасасу.

Шарт жасау үшін шарт жобасын заң кеңесшісінің (жоба хатқа қоса берілген) a.buzurkhodzhaeva@dari.kz электрондық мекенжайына жіберу қажет. Шарттың жобасы келісілгеннен кейін өтініш беруші тарапынан қол қойылған шартты (екі данада) Алматы қаласы, Абылай хан даңғылы, 63, 102 каб. мекен-жайына қолма-қол жеткізу қажет.  ДЗСҰО тарапынан қол қойылған нұсқаны да осы мекенжай бойынша алуға болады.

Бұл кезеңде шартқа қол қою және тіркеу жүзеге асырылады.

"Төлемге өтінім" шартына қосымшасын толтыру міндетті екендігіне Сіздің назарыңызды аударамыз. d.altybay@dari.kz  поштасына  *pdf (қолы бар) және *word форматында жіберу қажет.

Өтініш берушіден құжаттарды алғаннан кейін төлемге есепшоттың сканерленген нұсқасы жіберіледі

  • Көрсетілетін қызмет үшін шотты төлеп, оқыту семинары басталғанға дейін төлемді растайтын құжатты жолдау.

Оқыту туралы толық ақпарат алу үшін байланыс нөмірлері:

Алтыбай Дамира

Алматы қ. АФ Ғылыми-білім беру орталығының маманы

+7 (708) 842-09-47, d.altybay@dari.kz