Приветственное слово Председателя Сената Парламента РК К.К. Токаева
13.11.2013
Біріккен Ұлттар Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының
Алматы декларациясының 35 жылдығына арналған
Халықаралық конференцияның қатысушыларына
Құрметті конференцияға қатысушылар, қымбатты достар!
Біріккен Ұлттар Ұйымының Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы мен балалар қорының Алматы декларациясына қол қойылғанына 35 жыл толуына арналған Халықаралық конференцияға қатысушыларды Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының атынан шын жүректен құттықтауымды жолдаймын.
1978 жылы 12 қыркүйекте 157 елдің өкілі қабылдаған Алматы декларациясы медициналық қызметті ұйымдастыру және бүкіл әлемде халық денсаулығын қамтамасыз ету ісінде басты халықаралық құжаттардың біріне айналды. Онда тұңғыш рет алғашқы медициналық-санитариялық жәрдемнің ұлттық жүйесін ұйымдастыру тұжырымдамасы халықтың денсаулығы мен саламаттылығын жақсартудың аса маңызды құрамдас бөлігі ретінде көрсетілді.
Декларация барша адамдар денсаулығының қанағаттанарлық деңгейін қамтамасыз ету үшін денсаулық сақтау саласының өз жүйесі щеңберінде мемлекеттер, жеке алғанда әрбір елдегі түрлі әлеуметтік-экономикалық секторлар, сондай-ақ қоғамдық және кәсіптік топтар арасындағы ынтымақтастыққа қатысты әлемдік қауымдастықтың бір пікірде екенін көрсетті.
Бүкіл дүние жүзінде Алматы декларациясының ізлі қағидаттары бүгінгі күні де планета халықтарының игілігіне лайықты қызмет етуде.
Қазақстанды 1978 жылы Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы мен Біріккен Ұлттар Ұйымының ЮНИСЕФ конференциясын өткізу орны ретінде таңдау отандық медицинаның жетістіктерін танығандықтың белгісі болды және республикамыздың атағы мен халықаралық беделінің өсуіне жағдай жасады.
Орайлы сәтті пайдалана отырып, осы форумды ұйымдастырудың және оның жұмысының бастауында болған барша азаматтарға алғысымды білдіргім келеді.
Бүгінгі таңда әлемдік қауымдастықтың басқа мемлекеттері сияқты Қазақстанның да алдында жаңа міндеттер тұр. Мемлекет басшысы алдымызға қойған "Қазақстан - 2050 " Стратегиясын жүзеге асыра отырып, біздің ел оның өзекті басымдықтарын орындауды медициналық қызметтің сапасы мен қолжетімділігін арттыруды, ауруға шалдығудың алдын алудың рөлін күшейтуді, халықтың саламатты өмір салтын ұстануын көздейді.
Сіздер бас қосқан осынау мерейтойлық маслихаттың 1978 жылғы Алматы кездесуінің айтулы дәстүрлерін жалғастырып, дүниежүзілік денсаулық сақтауды дамыту ісіне қомақты үлес қосатынына сенімдімін.
Конференция қатысушыларына барлығына бақыт, денсаулық, амандық, жұмыстарыңызға сәттілік тілеймін.
Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының Торағасы
Қасым-Жомарт Тоқаев
2013 жылғы 6 қараша