Семинарларды өткізу күндерін ауыстыру туралы

20.01.2022

Дәрілік заттарды сараптау ұлттық орталығы ағымдағы оқиғаларды мұқият қадағалайды және ҚР Үкіметінің өкімдеріндегі талаптарды ұстанады.

 Алматы қаласының Бас мемлекеттік санитарлық дәрігерінің 2022 жылғы 13 қаңтардағы "Алматы қаласының аумағында коронавирустық инфекцияның таралуының алдын алу жөніндегі одан арғы шаралар туралы" № 1 қаулысының 3-тармағының 3-тармақшасына сәйкес «Ashyq» жобасына қатысқанына қарамастан, конференциялар, семинарлар, көрмелер, форумдар өткізуге тыйым салынды.

Осыған байланысты, біздің төмендегі тақырыптарға арналған семинарларымыз белгісіз мерзімге ауыстырылғанын хабарлаймыз:

 

 1. 2022 жылғы 25 қаңтарға жоспарланған - "ЕАЭО-дағы медициналық бұйымдардың ортақ нарығының құқықтық негізі. ЕАЭО-да тіркеу және сараптама мәселелері ";

2. 2022 жылғы 26 қаңтарға жоспарланған - "Медициналық бұйымдарды жіктеу. Медициналық бұйымдарға жатқызу критерийлері";

3. 2022 жылғы 1-2 ақпанға жоспарланған "Практикалық семинар: ЕАЭО шеңберінде медициналық бұйымға сараптама жүргізу туралы өтінішті ресімдеу қағидаларын зерделеу".

Оқуға өтінімдерді қабылдау және шарттарды ресімдеу жалғасуда.

Мәлімет үшін !

Оқуға тіркелу үшін қажет:

  1. ҚР ДСМ МФ БК "Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды сараптау ұлттық орталығы" ШЖҚ РМК - мен (бұдан әрі-ДЗСҰО) дәрілік заттар мен медициналық бұйымдардың айналысы бойынша оқыту іс-шараларын жүргізуге шарт жасасу.

Шарт жобасын жасау үшін заң кеңесшісіне (жоба хатқа қоса берілген) электрондық мекенжайға жіберу қажет dogovor@dari.kz. Шарттың жобасы келісілгеннен кейін өтініш беруші тарапынан қол қойылған шартты (екі данада) Алматы қаласы, Абылай хан даңғылы, 63, 305 каб. мекен-жайына қолма-қол жеткізу қажет.

Бұл кезеңде шартқа қол қою және тіркеу жүзеге асырылады.

ДЗСҰО тарапынан қол қойылған нұсқаны да осы мекенжай бойынша алуға болады.

  1. Оқуға өтінімді толтыру және жіберу (өтініш формасы хатқа қоса берілген)
  2. Өтінім әрбір тыңдаушыға жеке ресімделеді: *pdf (қолы қойылған) және *word форматында, бұдан әрі тіркеу үшін электрондық мекенжайға жіберіледі k.nussupova@dari.kz, d.esbolatova@dari.kz

Өтініш берушіден құжаттарды алғаннан кейін төлемге есепшоттың сканерленген нұсқасы жіберіледі (1 тыңдаушының 1 семинарға қатысу құны: 19 999, 84 теңге (ҚҚС есебімен).

  1. Қызмет үшін шотты төлеуді жүзеге асыру және жауапты хабарламада оқуға дейінгі төлемді растайтын құжатты жолдау.

 

Оқыту туралы толық ақпарат алу үшін:

+7 (727) 273-11-45, +7 (702) 702-00-53, k.nussupova@dari.kz

+7 (727) 273-15-78, +7 (701) 401-04-94, d.esbolatova@dari.kz