Оқыту семинарларының өткізілуі туралы

10.01.2023

Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды сараптау ұлттық орталығының Ғылыми-білім беру орталығы 26-27 қаңтарда «Фармакологиялық қадағалау саласындағы реттеу» және «Фармакологиялық қадағалаудың тиісті практикалық стандартын енгізу» тақырыптарында өтетін оқыту семинарларына қатысуға шақырады.

Дәріскер - Фармакологиялық қадағалау және медициналық бұйымдардың қауіпсіздігін, сапасы мен тиімділігін мониторингтеу департаментінің басшысы, медицина ғылымдарының кандидаты Мәлік Абдрахманов.

  1. 26 қаңтар – «Фармакологиялық қадағалау саласындағы реттеу»:
  • Тіркеу куәлігін ұстаушыға қойылатын талаптарды реттеу қажеттілігі;
  • Фармакологиялық қадағалаудың негізгі критикалық процестері;
  • Тіркеу куәлігін ұстаушының фармакологиялық қадағалаудағы міндеттеріне реттеуші органның көзқарасы;
  1. 27 қаңтар – «Фармакологиялық қадағалаудың тиісті практикасы стандартын енгізу»
  • GVP - тиісті тәжірибенің халықаралық стандарты;
  • ЕАЭО стандартын жаңарту, негізгі өзгерістер;
  • Жаңа стандарттың практикалық маңызы.

Семинар аяқталғаннан кейін Бейресми білім алу туралы куәлік беріледі.

Өтетін орны: Алматы қ., Абылай хан даңғылы, 63, 3 қабат, Үлкен конференц-зал

1 тыңдаушының 1 семинарға қатысу құны: 19 999, 84 теңге (ҚҚС есебімен)

Мәлімет үшін !

Оқуға тіркелу үшін төмендегі шарттарды орындау қажет:

  • Оқуға өтінішті толтыру және жіберу (өтініш нысаны хатқа қоса берілген)

Өтініш әрбір тыңдаушыға *pdf (қолы қойылған) және *word форматында жеке ресімделеді, ары қарай тіркеу үшін d.altybay@dari.kz электрондық мекенжайына жіберіледі.

  • ҚР ДСМ МФБК «ДЗ мен МБСҰО» ШЖҚ РМК – мен дәрілік заттар мен медициналық бұйымдардың айналымы саласында оқыту іс-шараларын жүргізуге шарт жасасу.

Шарт жасау үшін шарт жобасын заң кеңесшісінің (жоба хатқа қоса берілген) a.buzurkhodzhaeva@dari.kz электронды мекенжайына жіберу қажет. Шарттың жобасы келісілгеннен кейін өтініш беруші тарапынан қол қойылған шартты (екі данада) Алматы қаласы, Абылай хан даңғылы, 63, 102 каб. мекен-жайына қолма-қол жеткізу қажет.  ДЗСҰО тарапынан қол қойылған нұсқаны да осы мекенжай бойынша алуға болады.

Бұл кезеңде шартқа қол қою және тіркеу жүзеге асырылады.

Шарттың «Төлемге өтінім» қосымшасын толтыру міндетті! Толтырылған құжатты d.altybay@dari.kz поштасына  *pdf (қолы бар) және *word форматында жіберу қажет.

Өтініш берушіден құжаттарды алғаннан кейін төлемге есепшоттың сканерленген нұсқасы жіберіледі

  • Көрсетілетін қызмет үшін шотты төлеп, оқыту семинары басталғанға дейін төлемді растайтын құжатты жолдау.

Оқыту туралы толық ақпарат алу үшін байланыс нөмірлері:

+7 (727) 273-11-45, +7 (708) 842-09-47

e-mail: d.altybay@dari.kz