ҚХРдың апостиль туралы Гаага конвенциясына қосылуы туралы

22.11.2023

ҚР ДСМ МФБК «ДЗ мен МБСҰО» ШЖҚ РМК Қытай Халық Республикасының 1961 жылғы Гаага конвенциясына (Конвенцияға қатысушы елдер шетелдік ресми құжаттарды заңдастыру талаптарын алып тастайтын халықаралық конвенция) қосылғаны туралы хабарлайды. Конвенцияға қосылудың міндетті рәсімдерін ескере отырып, бұл норма 2023 жылғы 7 қарашада күшіне енді.

Бұл ретте Қытайдың арнайы әкімшілік аймақтары – Гонконг пен Макао мемлекеттік органдарының апостиль қоюы олардың аумағында берілген құжаттарға (сенімхаттарға) қолданылады.