«Экспертиза» порталында жұмыс істеуге арналған пайдаланушы нұсқаулығы

04.07.2023

Құрметті өтініш берушілер, Кәсіпорын «Экспертиза» порталында жұмыс істеу үшін «Дәрілік заттарды сараптау жөніндегі пайдаланушы нұсқаулығын" әзірлегені туралы хабарлаймыз (http://expertise.ndda.kz). Аталған нұсқаулық бастапқы және мамандандырылған кезеңдердегі ескертулерді түзету процесі, сондай-ақ қауіпсіздік туралы қорытынды кезеңін келісу және түзету хаттарын іске қосу және төлем үшін қосымша бағыттар алу бойынша толық нұсқауларды қамтиды.
Нұсқаулықта төмендегі маңызды ақпаратпен танысуға болады:
•    Сараптаманың бастапқы және мамандандырылған кезеңдерінде анықталған ескертулерді тиімді жоюға көмектесетін ескертулерді түзету процедурасының толық сипаттамасы;
•    Сұрауларды дұрыс толтыруға және жіберуге көмектесетін қауіпсіздік туралы қорытынды кезеңін келісу және түзету бойынша нұсқаулар;
•    Процесті түсінуге және төлемді жүргізу үшін барлық қажетті мәліметтерді алуға көмектесетін қосымша төлем бағыттары;
Біз «Экспертиза» порталын пайдалануда барынша ыңғайлылықты қамтамасыз ету үшін бар күшімізді саламыз.
Портал жұмысын жақсарту бойынша ұсыныстарды portal@dari.kz электронды поштасына жіберулеріңізді сұраймыз.