Дәрілік препараттың жалпы сипаттамасы мен қосымша парағын сәйкестендіру туралы

17.04.2023

Құрметті өндірушілер, тіркеу куәлігінің ұстаушылары, өтінім берушілер!

 

Ұлттық орталықытң www.ndda.kz  сайтының «Дәрілік заттардың жалпы сипаттамасы» қосымша бетінде келесі  дәрілік препараттардың қазақ және орыс тілдеріндегі дәрілік препараттың жалпы сипаттамасы (ДПЖС) мен қосымша парағы (ҚП) орналастырылғанын хабарлаймыз:

-  құрамында әсер етуші зат ретінде небиволол бар дәрілік заттар, таблеткалар, 5 мг;

- құрамында әсер етуші зат ретінде дексаметазон бар дәрілік заттар, инъекцияға арналған ерітінді, 4 мг/мл.

  

Дәрілік заттар туралы ақпаратты сәйкестендіруді қамтамасыз ету үшін тіркеу, қайта тіркеу және тіркеу дерекнамасына өзгерістер енгізу рәсімдеріне өтініш беру кезінде әсер етуші заттары және Халықаралық патенттелмеген атауы (ХПА)  ұқсас дәрілік заттардың ДПЖС мен ҚП осы жобаларға сәйкес құрастыру ұсынылады.