Дәрілік заттар және медициналық бұйымдарды 2023 жылы нарықтан іріктеу жоспары

02.11.2022

Құрметті өндірушілер (дәрілік заттарды тіркеу куәлігінің иелері, медициналық мақсаттағы бұйымдарды өндірушінің уәкілетті өкілдері) Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің м.а. 2020 жылғы 24 желтоқсандағы № ҚР ДСМ-323/2020 бұйрығымен бекітілген Нарықтан, оның ішінде медициналық ұйымдарда тәуекелге бағдарланған тәсіл ескеріле отырып, сапасы бақылануға жататын дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды іріктеу қағидаларының негізінде, Қазақстан Республикасы аумағында айналыста жүрген дәрілік заттар мен медициналық бұйымдардың сапасын бағалау үшін үлгілерді іріктеу бойынша 2023ж. жоспарын жариялаймыз.

Тізім эксель файл

*Тізім бірыңғай дистрибьютордың фармацевтикалық бақылау, тексеру нәтижелері туралы ақпарат алынғаннан кейін, сондай-ақ мемлекеттік міндетті медициналық көмек және (немесе) кепілдендірілген тегін медициналық көмек ТМККК шеңберін және МӘМС жүйесі бойынша сатып алынған дәрілік заттар туралы мәліметтерді алғаннан кейін жаңартылады.