Дәрілік заттардың тіркеу дерекнамасына өзгерістерді енгізуге өтінімдер бойынша қосымша шоттарды ұсыну

05.09.2023

Құрметті өтініш берушілер, «Мемлекеттік монополия субъектісі өндіретін және (немесе) өткізетін тауарларға (жұмыстарға, көрсетілетін қызметтерге) бағаларды бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің м.а. 2021 жылғы 20 қаңтардағы № ҚР ДСМ-7 бұйрығын (бұдан әрі-Прейскурант) орындау үшін сараптамалық жұмыстар кезеңінде тұрған ұлттық рәсім бойынша дәрілік заттардың тіркеу дерекнамасына өзгерістерді енгізуге өтінімдер бойынша бір өтініш шеңберінде өзгерістер түрлерінің санына қарай қосымша шоттар ұсынылатын болады.

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2021 жылғы 27 қаңтардағы № ҚР ДСМ-10 бұйрығымен бекітілген Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарға сараптама жүргізу қағидаларының (бұдан әрі - Қағидалар) 58 тармағына сәйкес өзгерістер түрлері Қағидалардың 18 қосымшасында көрсетілген өзгерістер түрлерінің тізбесіне сәйкес жіктеледі.

Дәрілік заттарға сараптама жүргізуге келісім шарттың 2.21 тармағына сәйкес Өтініш беруші жүргізген төлем сараптау кезеңінің бірінің нәтижелері бойынша денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті органмен белгілеген нақты бағаларға (түрі, қосымша дозасы, өзгерістер енгізу түрі және т. б.)  сәйкессіздігі фактісі анықталған жағдайды қызметтер көрсету аяқталғанға дейінгі мерзімдерде төленуге жататын Қызметтер құнының айырмасына қосымша шот ұсынылады.

Дәрілік заттардың тіркеу дерекнамасына өзгерістерді енгізуге жаңа өтінімдер бойынша Қағидалардың 58 тармағында көрсетілген жіктелуге сәйкес дәрілік заттардың тіркеу дерекнамасына өзгерістерді енгізу кезінде өзгерістің 1 (бір) түрі үшін сараптама қызметінің құны анықталған бекітілген Прейскурант нормасын ескеруді сұраймыз.

Жоғарыда айтылғандардың негізінде "Жоба" мәртебесінде тұрған және "Өзгерістер енгізу" типті төлемге өтінімдер өшіріледі. Құнын дұрыс есептеу үшін төлемге өтінімді қайта құру қажет.