ДЗСҰО ұсынатын дәрілік заттың жалпы сипаттамасы мен қосымша парағының жобасы туралы

01.11.2022

Құрметті өтінім берушілер, өндірушілер, тіркеу куәлігін ұстаушылар!

 

Ұлттық орталықтың www.ndda.kz  сайтының «Дәрілік заттар» ® «Дәрілік заттардың сараптамасы»  қойындыларында  ®  «Дәрілік заттардың жалпы сипаттамасы» қосымша бетінде келесі  дәрілік препараттардың қазақ және орыс тілдеріндегі ДПЖС мен Қосымша парағы (ҚП) ілінгенін хабарлаймыз:

-         белсенді заттары Амлодипин (амлодипин бесилаты түрінде), валсартан, үлбірлі қабықпен қапталған таблеткалар, 5 мг/80 мг, 5 мг/160 мг, 10 мг/160 мг;

-         ХПА - Глатирамер ацетаты, тері астына енгізуге арналған ерітінді, 40 мг/мл.

Дәрілік заттар туралы ақпаратты сәйкестендіруді қамтамасыз ету үшін тіркеу, қайта тіркеу және тіркеу дерекнамасына өзгерістер енгізу рәсімдеріне өтініш беру кезінде әсер етуші заттары және ХПА  ұқсас дәрілік заттардың ДПЖС мен ҚП осы жобаларға сәйкес құрастыру ұсынылады.