Фармацевтикалық инспекциялар жүргізу туралы

01.07.2022

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2021 жылғы 27 қаңтардағы № ҚР ДСМ-9 бұйрығымен бекітілген тиісті фармацевтикалық практикалар бойынша фармацевтикалық инспекциялар жүргізу қағидаларының 6-тармағының талаптарына сәйкес және осы қағидалардың 5-тармағында аталған  жағдайлар жойылғаннан кейін фармацевтикалық инспекция жүргізуге жасалған шарттар негізінде инспекциялау субъектісінің өтініші негізінде инспекциялау субъектісіне бару арқылы инспекция жүргізіледі (жүргізілген дистанциялық инспекцияның оң нәтижесі кезінде).

Осыған байланысты көрсетілген жағдайлар жойылғаннан кейін 30 (отыз) күнтізбелік күн ішінде сараптама жасау ұйымына өндірістік алаңдарға бару арқылы фармацевтикалық инспекциялар жүргізуге өтініш беру қажеттігі туралы еске саламыз.

Инспекциялау субъектісі тиісті өтінішті белгіленген мерзімде ұсынбаған жағдайда, Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің м.а. 2020 жылғы 24 желтоқсандағы № ҚР ДСМ-322/2020 бұйрығымен бекітілген қағидаларда регламенттелген тәртіппен дәрілік заттарды қолдануды тоқтата тұру, тыйым салу немесе айналыстан алып қою не шектеу бойынша шаралар қабылданатын болады.