XML форматында тіркеу деректерін қалыптастыру бойынша бағдарламалық қамтамасыз ету мамандарымен онлайн кездесу өткізу туралы

04.05.2023

Құрметті бағдарламалық қамтамасыз ету мамандары, Сіздерді 10 мамырда сағат 15.00 (UTC+06:00) Астана (12:00 (UTC+03:00) Мәскеу) өтетін онлайн XML-форматында тіркеу деректерін қалыптастыруға арналған (Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесінің 03.11.2016 ж. № 78 шешімімен бекітілген «Медициналық қолдануға арналған дәрілік заттарды тіркеу және сараптау қағидаларына» сәйкес) кездесуге қатысуға шақырамыз.

Күн тәртібі: XML-форматында тіркеу деректерін қалыптастыру мәселелері. Тәжірибе алмасу.

Байланыс сілтемесін алу үшін n.zarlykhan@dari.kz электрондық мекенжайына жазуды сұраймыз.