Мемлекеттік сатып алу субъектілерінің назарына

29.05.2023

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушысының 2021 жылғы 20 қаңтардағы № ҚР ДСМ-7 «Мемлекеттік монополия субъектісі өндіретін және (немесе) өткізетін тауарларға (жұмыстарға, көрсетілетін қызметтерге) бағаларды бекіту туралы» бұйрығына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2023 жылғы 19 мамырдағы № 84 бұйрығымен мынадай қызмет түрлеріне бағалар бекітілді:

- «Медициналық бұйымның оңтайлы техникалық сипаттамаларын сараптамалық бағалау» - 69 500 теңге;

- «Медициналық бұйымның клиникалық-техникалық  негіздемесін  сараптамалық бағалау» - 69 500 теңге (бұдан әрі – ОТС және КТН).

Бұйрық 2.06.2023 ж. заңды күшіне енеді. (ссылка на приказ).

Осыған байланысты Мемлекеттік сатып алу веб-порталы (https://goszakup.gov.kz/) арқылы медициналық бұйымның ОТС және КТН сараптамалық бағалауды жүзеге асыруға шартты басқа нысанда (үлгілік емес) жасау қажеттігін еске саламыз.

Шарттың үлгілік нысаны Сараптама ұйымының сайтында орналастырылған.

Өз кезегінде Кәсіпорын төлемге шот берген сәттен бастап күнтізбелік 15 (он бес) күн ішінде бұрын жасалған кейінге қалдыру шарттары бар ОТС және КТН шарттары бойынша төлем жүргізу қажеттігі туралы хабардар етеміз.