Дәрілік препараттардың жалпы сипаттамасы туралы ақпарат

12.06.2023

Құрметті өндірушілер, тіркеу куәлігін ұстаушылар, өтінім берушілер, www.ndda.kz  сайтының «Дәрілік заттар»  «Дәрілік заттардың сараптамасы»  қойындыларында    «Дәрілік заттардың жалпы сипаттамасы» қосымша бетінде келесі  дәрілік препараттардың қазақ және орыс тілдеріндегі ДПЖС мен Қосымша парағы (ҚП) ілінгенін хабарлаймыз:
-   құрамында әсер етуші зат ретінде дротаверин бар дәрілік заттар, инъекцияға арналған ерітінді, 40 мг/2 мл;
- құрамында әсер етуші зат ретінде дротаверин бар дәрілік заттар, таблеткалар, 40 мг;
- құрамында әсер етуші зат ретінде прегабалин бар дәрілік заттар, капсулалар, 75 мг, 150 мг, 300 мг;
Дәрілік заттар туралы ақпаратты сәйкестендіруді қамтамасыз ету үшін тіркеу, қайта тіркеу және тіркеу дерекнамасына өзгерістер енгізу рәсімдеріне өтініш беру кезінде әсер етуші заттары және ХПА  ұқсас дәрілік заттардың ДПЖС мен ҚП осы жобаларға сәйкес құрастыру ұсынылады.