Өндірушілер /тіркеу куәлігінің ұстаушылары / өтінім берушілердің назарына!

10.03.2023

www.ndda.kz сайтының «Дәрілік заттар» ® «Дәрілік заттардың сараптамасы»  қойындыларында  ®  «Дәрілік заттардың жалпы сипаттамасы» қосымша бетінде келесі  дәрілік препараттардың қазақ және орыс тілдеріндегі ДПЖС мен Қосымша парағы (ҚП) ілінгенін хабарлаймыз:

-   құрамында әсер етуші зат ретінде амоксицилин+ клавулан қышқылы бар дәрілік заттар, үлбірлі қабықпен қапталған таблеткалар, 875 мг/125 мг;

- құрамында әсер етуші зат ретінде глюкоза бар дәрілік заттар, инфузияға арналған ерітінді 5 %, 10 % 200 мл, 400 мл.

  

Дәрілік заттар туралы ақпаратты сәйкестендіруді қамтамасыз ету үшін тіркеу, қайта тіркеу және тіркеу дерекнамасына өзгерістер енгізу рәсімдеріне өтініш беру кезінде әсер етуші заттары және ХПА  ұқсас дәрілік заттардың ДПЖС мен ҚП осы жобаларға сәйкес құрастыру ұсынылады.