«Пайда-тәуекел» арақатынасын бағалауға шарт жасау үшін сенімхат ұсыну туралы

23.02.2023

Құрметті өтініш берушілер, Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 23 желтоқсандағы № ҚР ДСМ-320/2020 бұйрығымен бекітілген Медициналық бұйымдардың қауіпсіздігіне, сапасы мен тиімділігіне мониторинг және фармакологиялық қадағалау жүргізу Қағидаларының 48-тармағына сәйкес мерзімсіз тіркеуі бар Қазақстан Республикасының аумағында айналыстағы дәрілік заттардың «пайда-тәуекел» арақатынасын бағалауды жыл сайын тіркеу куәлігін ұстаушымен шарт негізінде сараптама ұйымы жүргізеді.

Осы ретте, тіркеу куәлігін ұстаушының өкілеті сенімхат негізінде әрекет еткен жағдайда, ұсынылған сенімхат Гаага немесе Минск конвенцияларының талаптарына сәйкес апостильденуі немесе консулдық заңдастыру талаптарына сәйкес заңдастырылуы, аударманың түпнұсқалығы мен аудармашының қолы нотариалды куәландырылуы, сенімгердің сенімхатқа қол қою өкілеттігі міндетті түрде нотариалды расталуы тиіс.

Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдардың «пайда-тәуекел» арақатынасын бағалауды жүзеге асыру бойынша қызметтер көрсетуге шарт жасасу құқығына сенімхаттың үлгісі қоса беріледі.