Сапаны бағалау үшін стандартты үлгілерді ұсыну туралы

23.02.2023

Құрметті өндірушілер (дәрілік заттардың тіркеу куәлігін ұстаушылар, медициналық бұйымдарды өндірушінің уәкілетті өкілдері) Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 20 желтоқсандағы № ҚР ДСМ-282/2020 бұйрығымен бекітілген Қазақстан Республикасында тіркелген дәрілік заттар мен медициналық бұйымдардың сапасына бағалау жүргізу қағидаларының 43-тармағына және 41-тармағына сәйкес нарықтан және (немесе) медициналық ұйымдардан іріктеп алынған өнім үлгілеріне сынақтар жүргізу үшін өндіруші химиялық заттардың стандартты үлгілерін, биологиялық препараттардың стандартты үлгілерін, спецификалық реагенттерді дәрілік зат пен медициналық бұйымға сынақ жүргізу үшін сараптама ұйымы зертханаларының әдістемелерді верификациялауды ескере отырып, бір реттік сынақ үшін жеткілікті мөлшерде ұсынады.