Сапаны бағалауға өтінім беру кезінде лицензияға сілтемені қоса тіркеу тәртібі

12.10.2022

Құрметті өтініш берушілер, сапаны бағалауға өтінім беру кезінде лицензияға сілтемені қоса тіркеу үшін:

  • www.elicense.kz сайтына https://elicense.kz/LicensingContent/SimpleSearchLicense сілтемесі бойынша кіру;
  • БСН/ЖСН немесе (РКБЖН,ӘҚНК,№) нөмірі бойынша қажет құжатты – фармацевтикалық қызметке лицензия немесе қызметтің басталғаны немесе тоқтатылғаны туралы талонды (хабарлама) табу;
  • лицензияны/талонды ашу;
  • браузерде пайда болған сілтемені көшіру;
  • өтінімге сілтемені қоса тіркеу қажет.

Назар аударыңыз!!! Өтініш берушінің «Жеке кабинетіне» кіру басқа пайдаланушылар үшін бұғатталғандықтан, өтініш берушінің «Жеке кабинетінен» сілтемені тіркеудің қажеті жоқ, өйткені өтінімді қарау кезінде сарапшы мұндай сілтеме бойынша құжатқа (лицензияға немесе талонға (хабарламаға) кіре алмайды.