Стратегиялық маңызды дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды ұлттық рәсім бойынша тіркеу

02.05.2023

Құрметті өтініш берушілер,

ағымдағы жылдың 2 мамырынан бастап "Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарға сараптама жүргізу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2021 жылғы 27 қаңтардағы № ҚР ДСМ-10 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2023 жылғы 14 сәуірдегі № 70 бұйрығы күшіне енді.

Стратегиялық маңызды дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды ұлттық рәсім бойынша тіркеу кезінде сараптама Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің м.а. 2023 жылғы 3 наурыздағы №ҚР ДСМ-35 бұйрығымен бекітілген стратегиялық маңызды дәрілік заттар мен медициналық бұйымдар тізбесіне кіретін дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарға жүргізілетін болады.