Телефония қызметі қайта іске қосылды

18.10.2022

Құрметті өтініш берушілер, Ұлттық орталықтың байланыс телефоны уақытша іркілістен кейін қайта іске қосылғаны туралы хабарлаймыз.

Естеріңізге сала кетейік, Ұлттық орталыққа қоңыраулар тек 235 135 Бірыңғай сall-орталық арқылы қабылданады.

Қоңырау шалушы дауыс мәзіріндегі «1» командасын таңдаған жағдайда Өтініш берушілерге қызмет көрсету орталығымен (ӨБҚКО) байланысады. ӨБҚКО қызметкері өз құзыреті шеңберінде өтініш берушінің сұрағына жауап береді, қажет болған жағдайда тиісті құрылымдық бөлімшемен байланыстырады. ӨБҚКО арқылы қоңырау шалушы келесі бөлімшелердің қызметкерімен байланыса алады:

·        дәрілік заттарды сараптау департаменті;

·        медициналық бұйымдарды сараптау департаменті;

·        фармакологиялық қадағалау және медициналық бұйымдардың қауіпсіздігін, сапасы мен тиімділігін мониторингтеу департаменті («сары картаны» қалыптастыру және жіберу);

·        инспекция департаменті (фармацевтикалық инспекция, фармакологиялық қадағалау жүйесінің инспекциясы, медициналық бұйымдар инспекциясы);

·        медициналық бұйымдарды бағалау департаменті (ОТС және КТН сараптамасы);

·        тілдерді аудару және дамыту басқармасы (нұсқаулықтар мен қаптамалардың макетін мемлекеттік тілге аудару);

·        әкімшілік-шаруашылық басқармасы (мемлекеттік сатып алу мәселелері);

·        персоналмен жұмыс жөніндегі басқарма;

·        заңнама мен стратегияны үйлестіру басқармасы;

·        корпоративтік және ақпараттық қауіпсіздік қызметі;

·        баспасөз қызметі.

 Дауыс мәзіріндегі басқа командаларды таңдау арқылы Ұлттық орталықтың келесі бөлімшелерімен байланысуға болады:

«2» - сапаны бағалау департаменті (тіркелген дәрілк заттар мен медициналық бұйымдардың сапасын бағалау, сәйкестік сертификатын беру, нарықтан өнімді іріктеу);

«3» - дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарға референттік баға белгілеу басқармасы;

«4» - заң басқармасы;

«5» - бухгалтерлік есеп және есептілік басқармасы;

«6» - цифрландыру департаменті, оның ішінде төмендегі порталдармен жұмыс бойынша техникалық қолдау қолжетімді:

«Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды сараптау»;

«Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарға референттік баға белгілеу»;

«Қауіпсіздік пен сапаны бағалау» және басқа да техникалық мәселелер.

Сонымен қатар, ДЗСҰОға келіп түскен қоңырауларды тек Өтініш берушілерге қызмет көрсету орталығының қызметкерлері басқа құрылымдық бөлімшелерге аудара алады, өзге қызметкерлерде мұндай техникалық мүмкіндік жоқ.

Осы ретте, дауыс мәзіріндегі команданы мұқият тыңдап, қажетті маманмен қосылуды сұраймыз.