2023 жылы нарықтан іріктеу жөнінде шарт жасасу туралы

02.06.2023

Құрметті өндірушілер (дәрілік заттардың тіркеу куәлігін ұстаушылар, медициналық бұйымдарды өндірушінің уәкілетті өкілдері) «Нарықтан, оның ішінде медициналық ұйымдарда тәуекелге бағдарланған тәсіл ескеріле отырып, сапасы бақылануға жататын дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды іріктеу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 24 желтоқсандағы № ҚР ДСМ-323/2020 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2023 жылғы 19 мамырдағы № 85 бұйрығының 2023 жылғы 6 маусымнан бастап күшіне енуіне байланысты тәуекелге бағдарланған тәсілді ескере отырып нарықтан іріктелген өнім үлгілеріне зертханалық сынақтар жүргізу кезінде өнімнің сапасын бағалауға шарт жасасу қажеттілігі туралы хабарлаймыз (2023 жылғы 6 маусымнан бастап).

Сондай-ақ, Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 20 желтоқсандағы № ҚР ДСМ-282/2020 бұйрығына 21.02.2023 жылғы енгізілген өзгерістерді ескере отырып, 2023 жылы нарықтан іріктеуге жоспарланатын ДЗ және МБ тізбесін қоса береміз.

Тізім эксель файл