Тутукон Нео препараты туралы ақпарат

04.12.2023

Испанияның уәкілетті органы 04.07.2023 ж. Miquel Y Garriga S.L   (Мигуэль И Гаррига), Испания өндіріс орнына № NCF/2339/001/CAT тиісті өндірістік тәжірибе талаптарына сәйкестік сертификатын (GMP) берді.

Бұған дейін Испанияның Дәрілік заттар мен санитарлық өнімдер жөніндегі агенттігі (AEMPS) жоғарыда көрсетілген өндіріс орнында GMP талаптарының сәйкессіздіктеріне байланысты Қазақстан Республикасында тіркелген ҚР-ДЗ-5№023569 ішке қабылданатын Tutukon Neo дәрілік өнімнің кері қайтарып алғаны туралы хабарлаған болатын. Өндіруші түзету шараларын қабылдады және тексеру барысында анықталған сәйкессіздіктердің жойылуы GMP сәйкестік сертификатын алуға ықпал етті.