Ұлттық ережелер бойынша медициналық бұйымдардың сараптамасына өтініштер қабылдау туралы

13.06.2022

Құрметті өтініш берушілер, ЕАЭО шеңберінде Медициналық бұйымдар айналысының бірыңғай қағидаттары мен ережелері туралы келісімге өзгерістер енгізу жөніндегі хаттамаға қол қоюға байланысты 2022 жылғы 13 маусымнан бастап медициналық бұйымдарға мемлекеттік тіркеу мақсатында ұлттық ережелер бойынша медициналық бұйымдарға сараптамаға өтініштер қабылдау қайта басталатынын хабарлаймыз. Құжатқа сәйкес медициналық бұйымдарды ұлттық ережелер бойынша тіркеу ағымдағы жылдың 31 желтоқсанына дейін мүмкін болады. Өтініштер «Экспертиза» порталында қабылданады.