Жоспарлы түгендеуге дайындық туралы

28.10.2022

Құрметті өтініш берушілер! Дебиторлық және кредиторлық берешектер бойынша жоспарлы түгендеуге дайындық шеңберінде 2017 жылғы 25 желтоқсандағы №120-V-ҚРЗ "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы (Салық кодексі)" ҚР Кодексіне сәйкес үш жылдық кезең ішінде қанағаттандырылмаған міндеттемелерді айқындау бойынша алдын ала рәсімдер жүргізілетін болады.

Осыған байланысты, сайтта орналастырылған қатаң белгіленген үлгі бойынша соманы қайтаруға өтініш жолдай отырып, міндеттемелерді орындау мерзімі өткен, 31.12.2019 жылға дейін төленген сомалармен байланысты қажетті іс-шараларды жүргізуді сұраймыз.