Қазақстан Республикасының Мемлекеттік туы

 

   Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туы ортасында қалықтаған қыранның үстіңгі жағында сәулелі шуақ шашқан күн бейнеленген көгілдір түсті тік бұрышты енді мата түрінде болады. Сабында – тік жолақ пішінді ұлттық өрнек. Күн келбеті, оның шұғылалары, қыран мен ұлттық өрнек суреті – алтын түстес. Ту енінің оның ұзындығына арақатынасы –  1:2.