Сараптаманың тиістілігі

Өнімнің медициналық бұйымдарға тиістілігіне және оны Қазақстан Республикасында мемлекеттік тіркеу қажеттілігіне сараптаманы (бұдан әрі - қорытынды) «Медициналық бұйымдарға сараптама жүргізу қағидалары» № ҚР ДСМ-10 бұйрығына 2-қосымша 5-тараудың 44-тармағының негізінде өтініш берушінің бастамасы бойынша өтініш беруші мен мемлекеттік сараптама ұйымы арасында жасалған шартқа сәйкес мемлекеттік сараптама ұйымы жүзеге асырады.

Қорытынды алу үшін «Міндетті түрде ұсынылатын ақпараттың (құжаттардың) тізімі»  тармағында көрсетілген құжаттарды қоса бере отырып, өтінішті «МБ тиесілілігін сараптау» деген белгісі бар»*pdf және *word (өтінішті қоса беру) толтырушы support@dari.kz электрондық мекенжайға жіберуі қажет.

Құжаттарды алғаннан кейін ӨҚжҚҚО маманы өтініш берушіге төлем шотының сканерленген және/немесе электрондық нұсқасын жібереді.

Өтініш беруші қызмет үшін шотты төлеуі және жауапты хабарламада ӨҚжҚҚО маманына төлемді растайтын құжатты жіберуі қажет.

Қызмет үшін төлем расталғаннан кейін өтініш тіркеледі және сараптамалық блогқа жұмысқа жіберіледі.

Қызмет көрсетудің белгіленген мерзімі өткеннен кейін өтініш берушінің электрондық мекенжайына (өтініште көрсетілген) қорытынды құжат (қорытынды) жіберіледі.

Қосымша сұрақтар болған жағдайда support@dari.kz электрондық почтасына хабарласуыңызды сұраймыз.