Медициналық бұйымдарды жарнамалауды жүзеге асыру тәртібі

Медициналық бұйымдарды жарнамалауға қойылатын талаптар:

- қазақ және орыс тілдерінде ұсынылады және олардың ұтымды қолданылуына ықпал ететін дәрілік зат немесе медициналық бұйым туралы толық және дұрыс мәліметтерді қамтиды;

- қазақ және орыс тілдерінде ұсынылады және медициналық бұйым туралы оларды ұтымды қолдануға ықпал ететін толық және дұрыс мәліметтерді қамтиды;

- медициналық бұйымға медициналық қолдану жөніндегі нұсқаулыққа немесе пайдалану құжатына сәйкес келеді;

- медициналық бұйымдарға арналған қолдану аясын асырып жібермейді, сондай-ақ басқа медициналық бұйымдармен салыстыруды болдырмайды;

- тұтынушыларды олардың сенімін теріс пайдалану арқылы, оның ішінде сипаттамаларына, құрамына, тұтынушылық қасиеттеріне, құнына (бағасына), қолданудың болжамды нәтижелеріне, зерттеулер мен сынақтардың нәтижелеріне қатысты жаңылыстырмайды;

- оқуға оңай, анық және түсінікті шрифтпен басылады, сенімді және танылатын (арнайы білімсіз немесе арнайы құралдарды қолданбай).

Медициналық бұйымдар жарнамасында мынадай ақпарат болуға тиіс:

      1) саудалық атауы;

      2) қолданудың негізгі көрсеткіштері (қолданылу саласы);

      3) негізгі жағымсыз әсерлері (болған жағдайда);

      4) негізгі қарсы көрсетілімдер (бар болса);

      5) медициналық бұйымды тағайындау және қолдану алдында медициналық қолдану жөніндегі нұсқаулықты (пайдалану құжатын) және мынадай мазмұндағы ескерту мәтінін мұқият оқып шығу, «өзін-өзі емдеу сіздің денсаулығыңызға зиянды болуы мүмкін» (қолданылуы бойынша) көрнекі және түсінікті ұсынымды қамтуы тиіс);

      6) өндірушінің және (немесе) Қазақстан Республикасындағы уәкілетті өкілдің атауы, мекенжайы;

      7) тіркеу куәлігінің нөмірі мен берілген күні;

      8) тіркеу мерзімінің аяқталу күні.

       Телеарналарға, интернет-ресурстарға арналған жарнама 1), 2), 5), 6), 7), 8) тармақшаларда көрсетілген ақпаратты қамтиды радиоарналар үшін 1), 2), 5), 6) тармақшаларда көрсетілген ақпарат.