Дәрілік заттарға бағаларды тіркеу/қайта тіркеу рәсімі

ДЗ - ға бағаны тіркеуге өтініш беру баға белгілеудің электрондық порталында (Баға белгілеу порталы (dari.kz) жүзеге асырылады.) порталмен жұмыс істеу жөніндегі Нұсқаулық http://www.ndda.kz/upload/dari.kz/Referent/GOBMP_09.07..docx , http://www.ndda.kz/upload/dari.kz/Referent/ORR_09.07..docx ) сілтеме бойынша қолжетімді.

ДЗ  көтерме және бөлшек саудада өткізу үшін бағаны тіркеу жөніндегі нұсқаулық.

ТМККК және МӘМС жүйесі шеңберінде ДЗ бағасын тіркеу жөніндегі нұсқаулық;

Бағаларды реттеу мынадай кезеңдерді және (немесе) іс-шараларды қамтиды:

1) көтерме және бөлшек саудада өткізуге жататын ДЗ үшін:

референттік баға белгілеу негізінде көтерме және бөлшек саудада өткізу үшін ДЗ саудалық атауына тіркелген бағаны тіркеу немесе қайта тіркеу;

көтерме үстеме бағаны қалыптастыру;

көтерме саудада өткізу үшін ДЗ саудалық атауына шекті бағаларды қалыптастыру;

бөлшек үстеме бағаны қалыптастыру;

бөлшек саудада өткізу үшін ДЗ саудалық атауына шекті бағаларды қалыптастыру;

көтерме және бөлшек саудада өткізу үшін ДЗ саудалық атауына шекті бағаларды бекіту;

2) ТМККК көрсетуге және (немесе) МӘМС жүйесінде көрсетуге арналған ДЗ үшін :

ТМККК шеңберінде және (немесе) МӘМС жүйесінде ДЗ саудалық атауына тіркелген бағаны тіркеу немесе қайта тіркеу;

ТМККК шеңберінде және (немесе) МӘМС жүйесінде үстеме бағаларды қалыптастыру;

ТМККК шеңберінде және (немесе) МӘМС жүйесінде ДЗ саудалық атауына шекті бағаларды қалыптастыру;

ТМККК шеңберінде және (немесе) МӘМС жүйесінде ДЗ халықаралық патенттелмеген атауына шекті бағаларды қалыптастыру;

ТМККК шеңберінде және (немесе) МӘМС жүйесінде ДЗ саудалық атауына шекті бағаларды бекіту;

ТМККК шеңберінде және (немесе) МӘМС жүйесінде ДЗ халықаралық патенттелмеген атауына шекті бағаларды бекіту.