Тіркеу куәліктерінің ұстаушыларының өтініш берушілеріне арналған ақпарат

МЕРЗІМСІЗ ТІРЕКУІ БАР   ДӘРІЛІК ЗАТТАР

Мерзімсіз тіркеу куәліктері бар дәрілік заттарға пайда/қауіп арақатынасын жыл сайын бағалау бойынша қызметтер құнын келісу рәсімі жөніндегі ақпарат

Фармакологиялық қадағалау және медициналық бұйымдардың қауіпсіздігін, тиімділігі мен сапасын мониторингтеу департаменті 2020 жылғы 07 шілдеде күшіне енген «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасы кодексінің 63-1-бапқа сәйкес «Қазақстан Республикасында тіркелген дәрілік заттар мен медициналық бұйымдардың қауіпсіздігі мен сапасын бағалау»  дәрілік заттар мен медициналық бұйымдардың қауіпсіздігі мен сапасының олардың негізінде Қазақстан Республикасында тіркелген тіркеу дерекнамасының, сапасы жөніндегі нормативтік құжаттардың деректеріне сәйкестігін айқындау жолымен жүргізіледі.

2. Қазақстан Республикасында тіркелген дәрілік заттар мен медициналық бұйымдардың қауіпсіздігі мен сапасын бағалау мемлекеттік монополияға жатады және оны дәрілік заттар мен медициналық бұйымдардың айналысы саласындағы мемлекеттік сараптама ұйымы жүзеге асырады.

Мемлекеттік монополия субъектісі өндіретін және (немесе) өткізетін тауарлардың (жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің) бағаларын монополияға қарсы органмен келісу бойынша уәкілетті орган белгілейді".

Қазіргі уақытта тиісті органдармен мерзімсіз тіркеу куәлігі бар дәрілік заттардың пайда-қауіп арақатынасын жыл сайынғы бағалауды жүзеге асыру бойынша қызметтер көрсетуге арналған бағалар прейскурантын келісу жүзеге асырылуда. Бағаларды келісу нәтижелері туралы ақпарат www ndda.kz.сайтында қолжетімді болады.