Өтініш берушілерге қызмет көрсету орталығына өтініш беру

ДЗ порталында «Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдардың қауіпсіздігі, сапасы мен тиімділігі туралы қорытынды беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметті (бұдан әрі - мемлекеттік көрсетілетін қызмет) алу үшін https://portal.dari.kz) «Төлемге өтінім» қалыптастыру және төлем шотын қалыптастыруға жіберу қажет (шот автоматты түрде қалыптастырылады).

Дәрілік затқа сараптама жүргізу және мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін өтініш беруші «Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарға сараптама жүргізу қағидаларын бекіту туралы» ҚР ДСМ-10 бұйрығына (бұдан әрі – Қағидалар) сәйкес (бұйрықты пдф және ворд форматтарында салу) мынадай құжаттарды қоса бере отырып, ДЗ порталында өтінім қалыптастырады):

- ДЗ сараптамасына өтініш осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша толтырылады;

- Платформааралық электрондық құжат форматындағы электрондық түрдегі тіркеу деректері (pdf форматы);

- Өтінім берушінің сараптама жүргізу үшін мемлекеттік сараптама ұйымының есеп шотына соманы төлегенін растайтын мәліметтер.

Жарамдылық мерзімі кемінде 9 (тоғыз) ай (зертханалық сынақтар жүргізуді талап етпейтін жағдайларды қоспағанда) үш еселік зертханалық сынақтар үшін жеткілікті мөлшердегі дәрілік заттардың (СО, реагенттер, шығыс материалдары және т.б.) үлгілерін өтініш беруші өтініш берілген сәттен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде Қағидаларға сәйкес ӨҚжҚҚО -ға (Нұр-сұлтан Қ.) не Алматы қ. ӨҚО-ға қабылдау-тапсыру актісі бойынша қолма-қол ұсынады. (*белгіленген мерзімде ұсынылмаған жағдайда сіздің жеке кабинетіңіз бұғатталады).

ӨҚжҚҚО сараптамаға өтінішті тіркеуді жүзеге асырады!

Қағидалардың тармақтарында көзделген шарттар сақталмаған жағдайда, ҚДО-ның жауапты орындаушысы екі жұмыс күні ішінде ақпараттық жүйе арқылы өтініш берушінің «жеке кабинетіне» ҚДО-ның уәкілетті қызметкерінің электрондық-цифрлық қолтаңбасымен куәландырылған өтінішті қабылдаудан бас тарту туралы хабарлама жібереді.

Қосымша сұрақтар туындаған жағдайда телефон не электрондық пошта арқылы хабарласуды сұраймыз:

+7 (7172) 78-98-83 ӨҚжҚҚО басшысы s.khairmullina@dari.kz

+7 (7172) 78-99-07 ӨҚжҚҚО үйлестірушісі i.miyerzhanova@dari.kz