Тіркеу куәлігін ұстаушыларға арналған ақпарат

ММБ және МТ отандық өндірушілеріне арналған ақпараттық хат

Қазақстан Республикасы ДСМ  МФБК «Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды сараптау ұлттық орталығы» ШЖҚ РМК барлық тіркеу куәліктерін ұстаушыларды, дәрілік заттарды, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техниканы (бұдан әрі – ДЗ, ММБ және МТ) өндірушілерді мынадай ақпаратты ұсыну қажеттігі туралы хабардар етеді:

- ДЗ тіркеу куәліктерін ұстаушыларға (2-қосымшаға, 3-қосымшаға сәйкес):

1.   Тіркеу куәлігін ұстаушының фармакологиялық қадағалау жүйесінің мастер файлы (соңғы нұсқасы);

2.     Байланыс деректерінің нысаны (6-қосымша);

- Өндірушілерге, ММБ және МТ өндірушілердің өкілдеріне (4-қосымшаға сәйкес, 5-қосымша);

1.     ММБ және МТ қауіпсіздігін мониторингтеу жүйесін сипаттайтын құжат;

2.     Сапа жөніндегі нұсқаулық;

3.     Байланыс деректерінің нысаны (7-қосымша).

Сұратылған құжаттарды ұсыну мерзімі www.ndda.kz сайтта ақпарат жарияланған күннен бастап 30 күнтізбелік күнді құрайды.