Дәрілік препараттардағы нитрозаминдерді бақылау мәселелеріне арналған кеңес қорытындысы туралы

22.06.2023

2023 жылғы 6 маусымда өткен дәрілік препараттардағы нитрозаминдерді бақылау мәселелеріне арналған кеңес қорытындысы негізінде ҚР аумағында тіркелген барлық дәрілік препараттар бойынша 1 сатыда қауіптерді бағалау қорытындыларының және қауіптерді бағалау есебінің көрсетілуімен ілеспе хат ұсынып, растау құжаттарының бәрін қосымша тапсыру қажет.

1 сатыдағы мерзім осы ақпарат жарияланған күннен бастап (22.06.2023ж.) 3 айға ұзартылады.

1 сатыда қауіптер анықталмаған жағдайда одан әрі әрекеттер көзделмейді.

Қауіптер анықталған жағдайда 2 сатыға ауысып, зертханалық зерттеулерді бастау және аяқтау болжанатын күнді көрсету қажет. 2 саты қорытындылары өндіруші жоспарлаған күнге сәйкес, бірақ 2024 жылғы 1 сәуірден кешіктірмей өткізіледі.

Қорытындыларға қарай, нитрозаминдерді сапа спецификациясына қосу (егер қорытынды нормадан жоғары болса) және зерттеулердің 3 сатысында өзгерістер енгізу арқылы мөлшерін төмендету шараларын қабылдау қарастырылады.

Ақпаратты және қорытындыларды farm@dari.kz немесе d.zeinelova@dari.kz электронды поштасына жолдау керек.

Нитрозаминдер

Кеңес хаттамасы